Жаңалықтар

Әнші Ақылбек Жеменей елді таңғалдырды (ФОТО)

Вконтакте/скриншот

Өнер иесі көпшілікті ерекше стилімен таңғалдырған.

Танымал әнші Ақылбек Жеменей желіде жаңа сурет жариялап, оқырмандардың қызу талқысына түсті. Өнер иесі көпшілікті ерекше стилімен таңғалдырған.

Ақылбек Жеменей аталмыш фотоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда шоу-бизнес жұлдызының аса заманауи стильде киініп алғанын көруге болады.

Өнер иесі көпшілік назарын мойнына тағып алған шынжыр алқасына аударып, оқырмандарынан оның салмағы қанша болуы мүмкін екенін сұрады.

Желі қолданушылары көп күттірмей кері байланыс беріп, әншіге өз болжамдарын жарыса жазды. Сонымен қатар оқырмандар Ақылбек Жеменейдің стиліне де жоғары бағасын берді. Кейбірі оны мұндай стильде көріп, қатты таңғалып қалғанын жасырмады.