Найзағай, бұршақ, жел: 12 маусымға арналған ауа райы болжамы
Қазгидромет синоптиктері 12 маусым, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстан территориясының басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронттар өз әсерін тигізеді.
Осыған байланысты найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі.
Еліміздің шығысында – қатты жаңбыр жауады, мемлекетіміздің солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында жауын шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.
Күндіз Батыс-Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында қатты ыстық сақталады.
Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстарында, Маңғыстау,Түркістан, Қостанай облыстарыныңбатысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында, батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Атырау, Түркістан, Қызылордаоблыстарында, Батыс Қазақстаноблысының батысында, Маңғыстауоблысының солтүстігінде, орталығында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, батысында, Жамбыл облысының батысында, шығысында, Алматы облысының орталығында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.