Жаңалықтар

1 шілдеден бастап 2 млн адамның зейнетақысы 13 пайызға көбейеді

ашық дереккөзі

1 шілдеден бастап 2 млн адамның зейнетақысы 13 пайызға көбейеді

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап еліміздегі 2 миллионнан астам зейнеткердің зейнетақысы 6 пайызға ұлғайтылады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

 - Елбасының берген тапсырмасына сәйкес, 2017-2018 жылдары республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері кезең-кезеңмен артатын болады. Сонымен бірге биылдан бастап балаларға берілетін жәрдемақы да өскелі отыр. Осыған орай назарларыңызға ұсынылып отырған заң жобасында бірқатар өзгерістер енгізу көзделуде. Бұл ретте, 2017 жылғы 1 шілдеден бастап ынтымақты зейнетақы мөлшері жылдың басында артқан 9 пайызды ескергенде, қосымша 11 пайызға, ал базалық зейнетақы мөлшері жылдың басында артқан 7 пайызды ескергенде, қосымша 13 пайызға ұлғайтылмақ. Нәтижесінде, 2016 жылмен салыстырғанда, зейнетақы көлемін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 20 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз етеміз. Осы орайда 2 миллионнан астам адам қамтылады,- деп атап өтті Дүйсенова. Оның сөзіне қарағанда, бұл бағытта орташа зейнетақы мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан 60 167 теңге болса, ал 1 шілдеден 67 мың 41 теңгені құрайды, яғни 7 мың теңгеге өседі.