Жаңалықтар

Атырауда ашулы жүргізуші көлігін сырып кеткен адамды өлтіріп алды

Сурет: https://smartnews.kz

Оқиғаға қатысты полиция өкілдері мәлімдеме жасады.

Атырау облысындағы базарлардың бірінде «Газель» көлігін мінген Амандық Сағынғалиев есімді зейнеткер Мұхтар Ахмедов деген азаматтың «Мерседес» көлігінің есігін сырып кеткен. Сол жерде жанжал басталып, «Мерседес» иесі «Газель» жүргізушісін бірнеше рет соққының астына алған, деп хабаралады turkystan.kz.

Соққыдан алған жарақаты салдарынан Амандық Сағынғалиев ауруханада қайтыс болған.

Аталған оқиғаға қатысты Атырау облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев мәлімдеме жасады.

"Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, адам өліміне алып келу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті дереу ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қылмыстың тергеу барысы менің жеке бақылауымда екенін хабарлаймын", - деді полиция генерал-майоры Нұрхат Оразбаев.