Барлық жолаушы қаза тапты: Малавидің вице-президенті мінген ұшақ апатқа ұшырады
Ұшақтың сынықтары елдің солтүстігіндегі тау жотасынан табылды.
Малавидің вице-президенті мінген ұшақ апатқа ұшырап, барлық жолаушы қаза тапқан. Бұл туралы euronews.com хабарлады.
Бортында Малави вице-президенті және тағы тоғыз адам болған әскери ұшақ апатқа ұшырады. Ол радардан жоғалып кеткен. 51 жастағы вице-президент Саулос Чилима мінген ұшақ ел астанасы Лилонгведен ұшқан, бірақ Мзузу халықаралық әуежайына қона алмаған.
Ұшақтың сынықтары елдің солтүстігіндегі тау жотасынан табылды. Малави Президенті борттағы жолаушылардың ешқайсысы аман қалмағанын айтты.