Айыппұл белгіленген: АҚШ-та ұялы телефон мен WI-FI қолдануға тыйым салынған қала бар
Бұл жер қазіргі әлем мен технологиядан шаршаған адамдар үшін таптырмас мекенге айналған, - деп жазды басылым.
АҚШ-та ұялы телефон мен WI-FI қолдануға тыйым салынған қала бар. Тыйымды бұзғандарға айыппұл салынады. Бұл туралы dailymail.co.uk жазды.
АҚШ-тың Грин-Бэнк қаласында ұялы телефон мен WI-FI қолдануға болмайды. Қолданғандар, 50 доллар айыппұл төлейді екен. Себебі бұл қалада әлемдегі ең үлкен ғарыш телескопы бар және оның жұмысына кез келген радиосәуле кедергі келтіреді екен.
Бұл жер қазіргі әлем мен технологиядан шаршаған адамдар үшін таптырмас мекенге айналған, – деп жазды басылым.