«Байқоңыр» ғарыш айлағының аумағында Франция азаматы қайтыс болды
Екі француз "Буран" ғарыш кемесін көргісі келген.
Францияның екі азаматы Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағының аумағына заңсыз кіруге тырысқан. Жолда аптап ыстықтан олардың бірінің жағдайы нашарлап, көз жұмды.
РИА Новости басылымының мәліметінше, екі француз "Буран" ғарыш кемесін көргісі келген.
"Бір күн бұрын Францияның екі азаматы ғарыш айлағының аумағына заңсыз кіруге тырысты. Олар көздеген нысандарына жол арқылы жетуге шешкен. Алайда жолда біреуінің жағдайы күрт нашарлады", - делінген жазбаларда.
Екінші француз досына көмек шақыру үшін жолға қарай жүгірген. Алайда бұл кезде оның досы қатты шөл қысып мерт болған.
Деректерге сүйенсек, Байқоңырда бұл кезде ауа температурасы +36 градус болған.
Шетелден келген экстремал туристердің көбісі Байқоңырға заңсыз кіруге тырысып жатады. Екі француз да осы жолды таңдапты.