Жаңалықтар

Радикалды діни идеологияны насихаттаған қостанайлық тұрғын ұсталды

Polisia.kz

Ол әлеуметтік желілерде өзге дін өкілдерін кемсітетін, діни негіздегі зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды таратқан.

Қостанайда полицейлер радикалды діни идеологияны қолдайтындарды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

«Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы терроризмді насихаттағаны үшін 12 жылға, ал діни араздықты қоздырғаны үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - делінген хабарламада.

Қостанайлық экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде 30 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

«Ол радикалды діни идеологияны ұстана отырып, өз ортасы мен әлеуметтік желілерде өзге дін өкілдерін кемсітетін және діни негіздегі зорлық-зомбылыққа шақыратын материалдарды таратқан», - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы Сәбит Ибраемов.

Ол сондай-ақ бұл факті бойынша полицияның сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.

Күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оған қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.