Жаңалықтар

«Инвесторы – өзім»: Әнші Серік Ибрагимов қуанышты жаңалығын бөлісті

YouTube/cкриншот

Серік Ибрагимов жаңа кинотуындының бас продюсері әрі инвесторы өзі болатынын айтты.

Танымал эстрада әншісі Серік Ибрагимов фильм түсірейін деп жатқанын мәлім етті. Өнер иесі қуанышты жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Серік Ибрагимов жаңа кинотуындының бас продюсері әрі инвесторы өзі болатынын айтты.

«Аллаға тәуекел етіп, кино түсіргелі жатырмыз. Бас продюсері әрі инвесторы – өзім. Көптің сұрағына жауап бере кетейін: кино өзім туралы емес және өзім ойнамаймын», - деді ол.

Сонымен қатар әнші көпшілікке жаңа фильмнің жарыққа шығуына атсалысатын команда мүшелерін белгілеп кетті.