Жаңалықтар

Елімізде көкжөтелден бала өлімі тіркелді

istockphoto.com

Министрдің айтуынша, балалар арасында қауіпті ауруларға қарсы вакцинаны уақытылы алмағандықтан, жұқпалы аурулар көбейіп кеткен.

Қарағанды ​​облысында көкжөтелден сәби қайтыс болды. Бұл туралы  Үкімет отырысынан кейінгі брифингте Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, балалар арасында қауіпті ауруларға қарсы вакцинаны уақытылы алмағандықтан, жұқпалы аурулар көбейіп кеткен.

 «Өкінішке қарай, Қарағанды облысында 9 наурыз күні бір сәби көкжөтелден қайтыс болды. Бала 1 жас 11 айда болды. Бұл жағдайға ДСМ тарапынан сараптама жүргіздік. Біріншіден, бала уақыты жетпей дүниеге келген. Екіншіден, екпе алмаған және емхана деңгейінде көп жүріп қалған, аурухағана кеш түскен. Сондықтан тиісті асқынулардың себебінен бұл балаға көмектесе алмадық. Көкжөтел жеңіл өтетін ауру емес», - деді Ақмарал Әлназарова.

Сондай-ақ , ол вакциналанбаған балалар үшін бірінші кезекте ата-аналары жауапты екенін жеткізді.