Жаңалықтар

Оралда қоқыс полигонынан өрт шықты

БҚО ТЖД

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 7 маусым күні сағат 23.30-да 300 шаршы метр аумақта қоқыс жанды.

 Орал қаласы Зачаган кентінен 15 шақырым қашықта орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында тағы да өрт болды.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 7 маусым күні сағат 23.30-да 300 шаршы метр аумақта қоқыс жанды.

«ICM Recycling» ЖШС теңгеріміндегі полигонның жалпы ауданы — 37 гектар. 

«10 маусым күнгі сағат 17.20-дағы мәлімет бойынша „тілсіз жауды“ ауыздықтауға 9 адам, 6 техника жұмылдырылды. Жанған аумақ 8 маусым күні сағат 02.16-да оқшауланғанымен, әлі бықсып жатыр. Бүгін көмекке қосымша 6 адам, 4 техника жіберілді» деп хабарлады ведомстводан.

Полигоннан шыққан түтін алыстан көрініп тұр.