Қоғам

Павлодарда заңсыз еңбек етіп жүрген 81 шетелдік азамат анықталды

Павлодар облысы ПД

Аталған фактілер бойынша ҚР Халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды

Олардың барлығы тиісті құжатсыз жүрген, деп жазады turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Өңір аумағында жүргізілген "Заңсыз келуші" жедел алдын алу шарасының нәтижесінде полицейлер заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған шетелдіктерді анықтап, жұмыс берушілерді жауапкершілікке тартты.

Еңбек мигранттарын пайдалануға тыйым салынғанына қарамастан жосықсыз жұмыс берушілердің көші-қон заңнамасын бұзуы тыйылар емес.

Полицейлер төрт күн ішінде 81 шетелдік пен 23 жұмыс берушіні анықтады. Мысалы, Павлодар қаласындағы бір құрылыс нысанында жұмыс істеп жүрген Өзбекстан Республикасының 11 азаматы ұсталды. Олар жергілікті фирмада әрлеуші болып еңбек еткен. Мұндай жағдай тағы бір жеке кәсіпкерліктен де анықталды. Аталған фактілер бойынша ҚР Халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік материалдар толтырылып, сотқа жолданды, – деп хабарлады Павлодар облысының Полиция департаментінен.

Көші-қон саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін жеке кәсіпкерлерге 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Өзбекстан Республикасының үш азаматына 25 айлық-есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынып, біреуіне елден шығару түрінде жаза қолданылды.