Атырауда жол апатынан екі адам көз жұмды
Жол-көлік оқиғасы бүгін, 9 маусымда болған
Атырау облысында екі көлік соқтығысып, бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жеңіл көліктің жүргізушісі жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, деп жазады turkystan.kz.
Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, 9 маусымда болған.
Түнгі сағат 00:30 шамасында Мақат ауданындағы Доссор кентінен Құлсары қаласына қатынайтын жолдың 92-шақырымы тұсында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол үстінде екі көлік соқтығысты. Оның бірі – жүк көлігі. Екіншісі – Nissan Teana жеңіл көлігі. Жол апатының салдарынан бір адам оқиға орнында қайтыс болды, - делінген хабарламада.