Маңғыстау облысының прокуратурасы ескерту жасады

9 маусым, 2024 / Ақмарал Берекет
Скрин
Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес облыста 10 орында шомылуға тыйым салынған

Кейінгі 5 жылда Каспий теңізінде 58 адам мерт болды, деп жазады turkystan.kz Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, оның ішінде 14-і кәмелет жасқа толмағандар.

Қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес облыста 10 орында шомылуға тыйым салынған.

Келеңсіз оқиғаларды алдын алу үшін облыс прокуратурасы судағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Тэгтер:

Маңғыстау облысы прокуратура