Атырау облысында Өзбекстан азаматтары мінген көлік жанып кетті

8 маусым, 2024 / Ақмарал Берекет
ТЖМ
Өрт сөндірілген, себебі анықталып жатыр

Атырау облысында жол бойында ішінде Өзбекстан азаматтары отырған жеңіл автокөлік өртенді, деп жазады turkystan.kz.

Оқиға Мақат ауданында республикалық маңызы бар "Атырау – Ақтөбе" автожолының 31 шақырымында болған.

Өрт сөндірушілер Өзбекстан Республикасының 3 азаматын тілсіз жаудан құтқарып қалған. Оларды кейін жедел медициналық жәрдем бригадасы қарауына алған. Өрт сөндірілген, себебі анықталып жатыр.

Тэгтер:

көлік Атырау облысы