Жаһан

ШЫҰ-ға мүше елдерде ортақ банк құрылуы мүмкін

istockphoto.com

Халықаралық беделді құрылым үшін бұл экономикалық ынтымақтастықты арттыруға сеп болмақ

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдеріне ортақ банк құрылуы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz 24kz арнасына сілтеме жасап.

Халықаралық беделді құрылым үшін бұл экономикалық ынтымақтастықты арттыруға сеп болмақ. Ташкентте өткен ұйым сарапшыларының форумында осындай пікір айтылды. Бұл бастама біршама уақыт бұрын көтерілген. «Қаржылық институт барлық жағынан қолайлы болады» дейді сарапшылар. Биыл ұйымға Қазақстан төрағалық етеді. Астана Шанхай тоғыздығы жұмысының барынша тиімді болуына ықпал етпек. Қазір ұйым қатарына қосылғысы келетін елдер саны өсіп келеді. Шілдедегі Астана саммитінде Беларусь елі толыққанды мүше болып кіруі мүмкін.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының ортақ қорын немесе банк құру бойынша ұсынысты біз қолдаймыз, ұйым экономикалық жобаларды дамытуды көздейді. Сондықтан интеграция маңызды. Ол үшін қаражат керек, ал қаржыны сол қор немесе банктен алуға мүмкіншілік болады деген ойдамыз, - дейді Қырғыз Республикасы Ұлттық стратегиялық бастамалар институтының директоры Санжар Мұхамбетов.