Жаңалықтар

Петропавлда төрт жасар бала терезеден құлап кетті

istockphoto.com

Бүлдіршін жансақтау бөлімінде жатыр

Петропавлда төрт жасар ер бала 5-қабаттан құлап кеткен. Қазір ол ауыр жағдайда ауруханада жатыр, деп жазады turkystan.kz azattyq-ruhy.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға маусымның 7-сі күні түс кезінде Петропавлдағы Береке ықшам ауданында болған. Қазір төрт жасар баланың өмірі үшін облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері күресіп жатыр.

Бала жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр. Қазір өкпесі жасанды желдету аппаратына қосылған, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.