Жаңалықтар

Демалыс күндері елімізде +42°С-қа дейін ыстық болады

istockphoto.com

Маусымның 8-10 күндері елде Мәскеу аумағынан келетін циклонның ықпалымен күн райы құбылмалы болады

"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Еліміздің басым бөлігінде алдағы екі күнде күн жылынып, ауа температурасы +35 +42°С-қа дейін көтеріледі.

Маусымның 8-10 күндері елде Мәскеу аумағынан келетін циклонның ықпалымен күн райы құбылмалы болады.

Тағы бір аймақтарда өткінші жаңбыр жауады. Елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінің кей жерлерінде нөсер жаңбыр жауады, күн күркіреп, жел күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Соған қарамастан Жерорта теңізі аумағынан жылы ауа келіп, көптеген өңірлерде ауа температурасы +27+35°С-қа дейін, оңтүстік өңірлерде +35+42°С-қа дейін ысиды деп болжануда.