Қоғам

Бас прокуратура қазақстандықтарға маңызды мәлімдеме жасады

azattyq-ruhy.kz

Бұл — алаяқтардың шоты

Бас прокуратура елімізде интернет-алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын, уақыт өткен сайын алданып қалған адамдардың саны артып келе жатқанын мәлім етті, деп жазады turkystan.kz.

Алаяқтар жәбірленушілерге құқық қорғау органдарының қызметкері ретінде бейне-қоңырау арқылы хабарласып, белгісіз тұлғалар жәбірленушінің атынан несие алуға әрекеттеніп жатқаны туралы жалған ақпарат береді. Осы "несиені" жою үшін дереу жаңа несие алуға банк бөлімшесіне баруды ұсынады. Банктен алған несие ақшасын жаңа "қауіпсіз" шотқа аударуды өтінеді. Бұл — алаяқтардың шоты, — делінген хабарламада.