Қоғам

«Семей орманында» өрт шығарған Абай облысының тұрғыны жазаланды

ҚР ТЖМ

Іздестіру іс-шаралары барысында кінәлі адам анықталды

Абай облысының Өртке қарсы қызметіне «Семей орманы» МОТР РММ Новошульба филиалының Орталық орманшылығы аумағында орман өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп жазады turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына өңірдегі ТЖД күштері мен құралдары және «Семей Орманы» МОТР қызметкерлері келгеннен кейін жалпы ауданы 0,03 га құрғақ шөптің өртенгені анықталды.

Іздестіру іс-шаралары барысында кінәлі адам анықталды. Трактор иесі Боровлянка ауылының тұрғыны ҚР ӘҚБтК 367-бабы 3-бөлігі бойынша 184 600 теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.