1,2 млрд теңге шығын: Жетісу облысында ақбөкен мүйізін заңсыз сақтаған күдікті ұсталды
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Жетісу облысында ақбөкен мүйізін заңсыз сақтаған күдікті ұсталды, деп жазады turkystan.kz.
Ол мемлекетке 1 млрд 284 816 000 теңге шығын келтірген. 39 жастағы ер адамның баспанасын тінту кезінде үйдің шатырына жасырылған 7 қораптан 464 дана ақбөкен мүйізі табылған.
Табиғатқа келтірілген зиян - 1 млрд 300 млн теңгеге жуық.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу басталды.