Жаңалықтар

Найзағай, бұршақ: 8 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды

freepik

Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 8 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп жазады turkystan.kz.

Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан территориясының басым бөлігінде әлі де құбылмалы тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Еліміздің батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, мемлекетіміздің батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ болады. Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады. Республика бойынша жел күшейеді, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.