Ойын басында соғылған автогол бізді психологиялық тұрғыда "сындырып" жіберді – Нұралы Әліп
Арменияға қарсы жолдастық кездесуде Қазақстан командасының ойыншысы Александр Марочкин автогол соғып алды.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Арменияға қарсы жолдастық кездесуде жеңіліс табуға не себеп болғанын түсіндірді, деп хабарлайды turkystan.kz Metaraiting-ке сілтеме жасап.
"Ойын басында соғылған автогол бізді психологиялық тұрғыда "сындырып" жіберді. Егер есеп 0:0 болғанда бірінші таймда болған үш шешуші сәттің бірінде гол соғар едік. Армения құрамасының сол жақ флангі өте белсенді ойнайтынын байқадым. Онда РПЛ-де өнер көрсететін Сперцян мен Тикнизян ойнайды. Олар — өз құрамаларының көшбасшысы. Балтиев бізге қарсылас командадағы қорғаушыларға кеңістік бермеу керек екенін баса айтты, алайда біз оның берген тапсырмасын орындай алмадық, — дейді Нұралы Әліп ойын соңында.
Еске сала кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы сырт алаңда өткен жолдастық кездесуде Армения командасына 2:1 есебімен есе жіберді. Енді олар 11 маусымда Әзербайжанға қарсы жолдастық кездесу өткізеді.