Жаңалықтар

Вайнер Мейіржан Төребаев колонияға оралды

Instagram/meirzhach_tv

Бұған дейін, әзілкеш 10 күнге демалыс алып, Павлодар түрмесінен Алматыға келген еді.

 Анасының сырқатына байланысты қысқа мерзімді демалыс алған Мейіржан Төребаев колнияға оралды.

«Сотталушы М. Төребаев 27 мамырда колонияға оралды, қазір мекемеде жазасын өтеп жатыр», - деп хабарлады Павлодар облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінен.

Бұған дейін Мейіржан Төребаевтың жұбайы Дана Есеева әлеуметтік желіде оның 10 күнге демалыс алып, түрмеден шыққанын жазған болатын.