Түркістан облысының тұрғыны өзін "КНБ қызметкерімін" деп таныстырып, 6 млн теңге пара алған

7 маусым, 2024 / Дана Ізтілеуова
www.istockphoto.com
Түркістан облысының тұрғыны өзін Ұлттық Қауіпсіздік комитеті қызметкерімін деп таныстырған.

Түркістан облысының тұрғыны өзін Ұлттық Қауіпсіздік комитеті қызметкерімін деп таныстырып, қомақты қаржы талап еткен, деп хабарлайды turkystan.kz ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысының тұрғыны өзін Ұлттық Қауіпсіздік комитеті қызметкерімін деп таныстырған. Тексеріс шараларын тоқтатуға уәде берген азамат 6 млн теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды.

ҚМА Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен және өңірдің ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізген ұстау іс-шарасы барысында белгілі болғандай, келісілген ақшалай сыйақы сомасы 12 млн теңге болған. Ол оның жартысын алған кезде ұсталды.

Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. ҚР ҚПК-нің 201-бабы тәртібіндегі өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.

 

Тэгтер:

Түркістан облысы Түркістан ҰҚК Пара Ұлттық қауіпсіздік комитеті КНБ