Спорт

Елдос Сметов Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды

Olympic.kz

Ол бірінші белдесуде Мағжан Шамшадинді ұтса, екінші белдесуде Нұрқанат Серікбаевтан басым түсті.

Алматыда дзюдодан 60 келі салмақтағы үш балуан арасында өткізілген Олимпиадаға іріктеу турнирі аяқталды.

Аталған сынға Елдос Сметов жеңіске жетті. Ол бірінші белдесуде Мағжан Шамшадинді ұтса, екінші белдесуде Нұрқанат Серікбаевтан басым түсті. 

Айта кетелік, бұл Елдос Сметовтің үшінші Олимпиадасы болмақ. Ол бұған дейін Рио Олимпиадасында күміс, Токио Олимпиадасында қола медаль иеленген.