Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Корея президенті Қазақстанға келеді

Akorda

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 11-13 маусым күндері Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

«Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады», - делінген хабарламада.