Жаңалықтар

Теміртауда босатылуына 3 ай қалған тұтқын қашып кеткен

istockphoto.com

«Патриот» басылымының мәліметінше, ол үш айдан кейін босатылуы керек болған. Бірақ жазасының аяқталуын күтпей, қашып кеткен.

Қарағанды ​​облысының ҚАЖД қызметкерлері бірнеше күн бұрын жұмыстан кейін колонияға оралмай, қашып кеткен сотталушыны ұстады, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Сотталған адамның жүрген жерін анықтауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Түзеу мекемесінің жеке құрамы мен Қарағанды облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды», - деп хабарлады Қазақстанның қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

«Патриот» басылымының мәліметінше, ол үш айдан кейін босатылуы керек болған. Бірақ жазасының аяқталуын күтпей, қашып кеткен. ТЖ-ға жол берген лауазымды тұлғалар жазаланады.

Тұтқын Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 1, 2, 3-тармақтары бойынша аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқан..