Жетісу облысында аудан әкімі жазаланды
Аудан әкімінің заңсыз әрекетін облыстық прокуратура анықтаған.
Ескелді ауданының әкімі жер учаскелерін беру кезінде заңды өрескел бұзғаны үшін жазаланды, деп хабарлады turkystan.kz.
Облыстық прокуратура аудан әкімі конкурс өткізбей 120 гектар жерді шаруа қожалықтарына бергенін анықтады.
Прокурорлардың араласуынан кейін учаскелер жеке меншік иелерінен алынды. Ал әкім жауапкершілікке тартылды. Баптың санкциясы 30 АЕК айыппұл түріндегі жазаны, ал мұндай бұзушылық бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 60 АЕК – ті қарастырады.