T-LIFE

Голландиялық туристке Италияның мәдени мұрасына зақым келтірді деген айып тағылды

сурет: Carabineiri Napoli - X

Осы жылдың басында Италия Парламенті ескерткіштерді бүлдіргені үшін салынатын айыппұл мөлшерін 15 000-нан 40 000 еуроға дейін өсірген болатын.

Голландиялық туристке біздің заманымыздан бұрынғы 79 жылы Помпеймен бірге лаваның астында қалған ежелгі қала Геркуланумдағы ежелгі Рим вилласының қабырғасына зақым келтірді деген айып тағылды

Италия полицияның мәліметінше, 27 жастағы ер адам қабырғаға қара бояумен граффити салып кеткен. Археологиялық сайттың қызметкерлері граффитиді көргеннен кейін көп ұзамай турист ұсталған.

Кез келген мұндай әрекет біздің мұрамызға, сұлулығымызға зиян тигізеді, сондықтан оны барынша қатаң жазалау керек, – деді елдің Мәдениет министрі Дженнаро Санжулиано баспасөз хабарламасында.

Голландиялық туристің кінәсі дәлелденсе, ол айыппұл төлейді. Осы жылдың басында Италия Парламенті ескерткіштерді бүлдіргені үшін салынатын айыппұл мөлшерін 15 000-нан 40 000 еуроға дейін өсірген болатын.