Атырауда өрт сөндірушілер 8 айлық сәбиді өрттен құтқарып қалды

6 маусым, 2024 / Дана Ізтілеуова
azh.kz.
Өрт сөндірушілер саты арқылы кіріп, 8 айлық сәбиді алып шыққан.

Атырауда өрт сөндірушілер көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде болған өрттен 8 айлық сәбиді өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz azh.kz.-ке сілтеме жасап.

Атыраудағы Сұлтан Бейбарыс даңғылы бойында орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің терезесінен түтін шығып жатқаны туралы шақырту түскен. Өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына санаулы минуттарда жетіп, 6 қабатты тұрғын үйдің 6 қабатында орналасқан пәтерді түтін басқанын анықтады. 

Құтқарушылар  пәтер есігінің сыртынан құлыпталуына байланысты азаматтық қорғау сержанты Б. Саясатов бастаған топ автосатының көмегімен терезе арқылы бөлмеге кіріп, пәтерде кішкентай баланың алып шықты.

 

Тэгтер:

Атырау өрт өрт сөндіруші 8 айлық сәби өрт сөндіру 8 айлық бала