"Комикске деген құштарлық": Жапонияда сот әріптесіне күш көрсеткен ер адамды жазадан босатты
Оның "комикске деген құштарлығы" жазасыз қалуына себеп болған.
Жапонияда сот әріптесіне күш көрсеткен ер адамды жазадан босатты. Оның "комикске деген құштарлығы" жазасыз қалуына себеп болған. Бұл туралы kyoto-np.co.jp жергілікті басылымы хабарлады.
50 жастағы заң бюросының қызметкері әріптесі Жапонияда танымал манганың (жапон комиксі) жаңа тарауының қалай аяқталатынын айтып қойғанда, өз-өзін ұстай алмай қалған. Оның қатты ызаланғаны соншалық – әріптесін кеудесінен теуіп жіберген.
Сот бұл әрекетті комикстерге деген құштарлықтың көрінісі деп шешіп, оны жауапқа тартудан бас тартқан.