Жаңалықтар

Айгүл Елшібаева Жүрсін Ерманның қазіргі жағдайын айтты

Instagram/aigulyelshibayeva01

Айгүл Елшібаева мен Жүсін Ерманмен Жезқазғанда өткен ақындар айтысында кездескен.

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева белгілі ақын Жүрсін Ерманмен түскен суретін жариялап, оның қазіргі жағдайын. 

Айгүл Елшібаева мен Жүсін Ерманмен Жезқазғанда өткен ақындар айтысында кездескен. Әншінің сөзінше, ақын аталмыш сайыста төрағалық еткен. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында айтты.

Елшібаева өзінің жетістіктеріне айтыс ұйымдастырушының үлесі зор болғанын жеткізіп, оған ақ тілегін жолдады.

 «Айтысты өрге сүйреген жанашыры - Жүрсін ағамен бір сурет. Жезқазғанда өткен командалық ақындар айтысында төрағалық етті. Денсаулығы жақсарғанын көріп, қуанып қалдым. Ең алғаш айтыс арасында терме айтқызып, 23 жасымда Республика сарайын шулатып, халықтың ықыласына бөленуіме, 30-жасымда Францияда өткен ақындар айтысында да, Париж сахнасын термемен шулатуыма себепші, дәстүрлі өнердің жанашыры Жүрсін ағамыз себепші еді. Аман жүріңіз айтыс өнерінің қара нары. Бақытжамал апамызбен қол ұстасып, бірге қартайып, ұрпағыңыздың қызығын көріңіз», - деп жазды Айгүл Елшібаева.