Қоғам

Концерт кезінде Ернар Айдардың терін сүрткен азамат жұртты күлдірді (ВИДЕО)

коллаж: turkystan.kz

Аты-жөні белгісіз ел ағасы әншіге бата берді.

Күтпеген оқиға таспаланған видеоны Ернар Айдар әлеуметтік желідегі парақшасында жүктеді, деп жазды turkystan.kz.

Сахнада өнер көрсетіп тұрған әншінің алдына келген белгісіз азамат Ернар Айдардың терін сүртемін деп күлкіге қала жаздады. Әншіге жанашырлық танытқан адам іс-әрекетін бата берумен аяқтады.

Қызықты сәттін видеосын әнші Іnstagram парақшасында жариялады.

Әнші видео сипаттамасына «Көкем-ай!» деп жазды.

Видеоны көрген оқырмандар белгісіз адамның бұл әрекетіне қатысты түрлі пікір білдіріп жатыр.

«Қарапайым халық деген осы ғой — міне. Көке жүз жасаңыз!», «Аға енді орамалды жумайтын шығар», «Көкем пысық», «Недеген мейірімді ата», «Осындайды қашан қояды екен?», «Бата берген жақсы ғой» деп жазды желі қолданушылары.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от 𝔼ℝℕ𝔸ℝ 𝔸𝕀𝔻𝔸ℝ 🇰🇿 (@ernaraidar_kz)