Спорт

Теннисші Жібек Құламбаева Италиядағы жарыстың жартылай финалына өтті

Сурет: www.istockphoto.com

Қазақстандық теннисші португалиялық Франчиска Хорхемен бірге ширек финалда аргентиналық Надя Подороска мен румыниялық Ирина Барэнің меселін қайтарды.

Жібек Құламбаева жұптық сында Бари (Италия) челленджер жарысының жартылай финалына өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

Қазақстандық-португалиялық жұп қарсыластарынан 7:5, 6:3 есебімен басым түсті. 

Құламбаева – Хорхе финалға шығу үшін жарыстың 1-ракеткалары, қазақстандық Анна Данилина – ресейлік Ирина Хромачёва немесе франциялық Эстелль Кашино – грузиялық Натела Дзаламидзе жұптарының қай жеңгенімен ойнайды.