T-LIFE

Вейп пен электронды темекінің тағы бір зияны белгілі болды

сурет: Master_foto/Shutterstock.com

Бұл туралы АҚШ ғалымдары жасаған зерттеу қорытындысында айтылған.

Вейп пен электронды темекінің тағы бір зияны белгілі болды. Олар бет терісін тез қартайтып, әжімдерді көбейтеді. Бұл туралы dailymail.co.uk АҚШ зерттеушілеріне сілтеме жасап хабарлады. 

Ақпаратқа сүйенсек, никотин терінің серпімділігін нашарлатып, безеу, псориаз және әжімдер тудырады.

Дерматологтер вейптен шыққан түтін мен химиялық заттар бетті құрғатып, оны күңгірт және сарғыш етеді деген қорытындыға келіпті.