Қытай азаматтары жалған iPhone үшін 30 жылға сотталуы мүмкін
9 жыл ішінде олар жалпы құны 12,3 миллион доллар тұратын 16 мың құрылғыны айырбастаған.
Қытай азаматтары жалған iPhone және басқа да құрылғыларды ресми дүкендерге өткізу арқылы жалпы соммасы 12,3 миллион доллар қаражатты алаяқтық жасап тапты деген күдікке ілініп, қамауға алынды. Бұл туралы АҚШ Калифорния орталық округінің прокуратурасы хабарлады.
Олар жалған құрылғыларды істен шыққан құрылғы ретінде ресми дүкендерге өткізіп, орнына түпнұсқа техникаларды алып келген. 9 жыл ішінде олар жалпы құны 12,3 миллион доллар тұратын 16 мың құрылғыны айырбастаған.
Қытайлық 5 азамат 30 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.