Тайқазан

5 жыл жуынбаған дәрігер: Терінің біз білмейтін құпиясы

pixabay.com

Хэмблин адамға гигиена және тері күтімінің пайдасына қарағанда зияны көбірек дегенді алға тартады.

Дәрігер Жеймс Хэмблин «Тазалық: тері туралы жаңа ғылым» атты кітабын жазу үшін бес жыл бойы жуынбай, сабын қолданбай, арнайы зерттеу жүргізіп көрген. Оның бұл эксперименті көпшілік арасында дүрбелең тудырды. Жеймс Хэмблин – Йель университетінде қоғамдық денсаулық сақтау пәнінен сабақ береді әрі ол – The Atlantic компаниясының қызметкері.

Bigthink.com сайтына мәлімдегендей, Хэмблин адамға гигиена және тері күтімінің пайдасына қарағанда зияны көбірек дегенді алға тартады. Сонымен қатар заманауи гигиена мен тері күтімі көп уақытты қажет етеді. Хэмблин атап өткендей, егер сіз күн сайын душ қабылдап, теріңізге күтім жасайтын болсаңыз, 100 жыл өміріңіздің екі жылдан астамын дене күтіміне арнайсыз.

Дәрігер «Денеміз сөйлей алғанда» атты кітабында денеге байланысты көптеген мифті тарқата жазады. «Clean» фильмінде де біздің ең үлкен ағзамызға назар аударылады. Тері – бұл бөлек орта. Төменде оның кітабынан алынған 4 мысалға назар аударсақ.

Сабынға әуестену аллергия тудыруы мүмкін

Балаларды бактериядан қорғаймыз деп жүргенде оларды байқаусызда аллергияға шалдықтыруымыз мүмкін. Жержаңғақ аллергиясының көбеюі де бұл тенденцияны көрсетеді. Тері – аурудан қорғанудың бірінші желісі және ол өзін қалай қорғау керектігін біледі. Біздің терімізде өмір сүретін организмдер мен бактериялар маңызды «жұмыс» атқарады. Оларды қаншалықты көп жусақ, сыртқы орта үшін соғұрлым сезімтал боламыз.

Жаңғаққа аллергияның болуы – шамадан тыс жуынудың бір ғана салдары. Аллергиялық ринит, астма және экзема сабынды тым көп қолданудан туындауы мүмкін. Хэмблин жазғандай: «сабын мен тері күтіміне арналған заттар микробтармен қоректенетін майды кетіреді».

Сабын – маркетингтің жеңісі

Сіз дүкеннен алынған сабынның иісі мен қаптамасы үшін ақы төлейсіз. 1790 жылы сабын шығаруға мүмкіндік беретін күлді қайта өңдеу әдісіне алғашқы патент берілді. Бұл бірден танымал бола қойған жоқ. Десе де түрлі компаниялар америкалықтарды үнемі жуыну және заттарды жуу қажеттілігіне сендірді. Сәтті маркетингтің арқасында сабын әрбір адамның қажеттілігіне айналды. Маркетологтар халықты әр адам көп сабын сатып алуы керек деп сендірді. Сөйтіп сабын халық көп қолданатын затқа айналды.

Тері күтімі индустриясы іс жүзінде реттелмеген

Хэмблин осы кітап үшін тағы бір жобаны қолданып, тері күтімі желісін іске қосты. Бірде ол Whole Foods-қа кіріп, шикі ингредиенттерді сатып алады: жожоба майы, коллаген, ши майы және т.б. Оларды араластырғаннан кейін Amazon-нан шыны ыдыстар мен жапсырмаларға тапсырыс береді. Ол Brunson + Sterling-ті іске қосу үшін барлығы 150 доллар жұмсайды (компанияның веб-сайтын қосып есептегенде). Содан кейін ол Gentleman's cream екі унция банкасын 200 долларға сатылымға шығарады (жаппай сатылым 300 доллардан басталады).

Хэмблин ешқандай банка сатқан жоқ. Өйткені бұл оның мақсаты емес еді. Көрмеде ол 166 долларға сатылатын бір унциялық SkinCeuticals CE Ferulic банкаларын байқайды, дегенмен бұл денсаулықты жақсартпайды. Коллаген – тағы бір хайп машинасы. Оны қолдану теріңізге әсер етпейді, өйткені ол ас қорыту жолдарының ферменттерімен ыдырайды. Осыған қарамастан, компаниялардың көбі бұл теріге жылтыр рең береді дейді.

Хэмблинге FDA-ға ешқандай ингредиенттер туралы хабарлаудың қажеті болған жоқ. Сондай-ақ оған тауардың әсерін айтудың немесе қауіпсіздік дәлелдерін ұсынудың да қажеті жоқ еді. Оған тек бизнес лицензиясына өтініш беру керек болды. FDA, тіпті, оны өнімді қайтарып алуға мәжбүрлей алмайды. Біле білсеңіздер, мемлекеттік қауіпсіздік жүйесі ар-намыс кодексіне сүйенеді, десе де ол көзқарасты құптамайтын кәсіпорындар көп.

Бұл да – өнертабыстың бір түрі

Заманауи маркетингтегі сабын жарнамасы бір тұжырымдамаға негізделген: БО. Біз дененің иісі беріледі деп санаймыз, бірақ бұл да – өнертабыстың бір түрі. Аяқтарымыздан саңырауқұлаққа қарсы күшті қасиеттері бар Bacillus subtilis сияқты бактериялардың әсерінен «иіс шығады». Тарихтан байқағанымыздай, адам баласына аяқ киім ылғи қолжетімді болмады. Кей кезеңдерде аяқтан иіс шығу күшті эволюциялық артықшылық берді. Хэмблин жазғандай, біз уақыт өте келе иіс сезімін дамытқан жоқпыз, біз жай ғана жағымсыз қорғаныс микробтарымен бірге дамыдық.

Денсаулық сақтау және тері күтімі саласындағы саудагерлердің көбі дұрыс ниетте болса да, сатылатын заттардың көпшілігі қажетсіз, тіпті, зиянды келеді. Алайда маркетинг машинасының әсерінен біз жайсыз, сенімсіз боламыз. Сондықтан өзімізге сенімді болып, жарқырап жүруіміз үшін олар ұсынған өнімді алуға мәжбүрміз. Хэмблин қорытындылағандай, ғылыми негізделген компаниялар тері күтімі мен гигиенаға қарама-қарсы көзқарасты қолданады: аз өнім, демек көбірек пайда деген сөз.