Су тасқыны: Құлсарыда бүлінген жолдар қалпына келтіріліп жатыр
Қазір "Автожолшылар 2" ықшамауданында асфальт жолдарын қалпына келтіру жұмыстары басталды.
Құлсарыда су тасқыны кезінде бүлінген ықшамаудандарындағы асфальт жолдар қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz Жедет штаб/Атырау телеграм арнасына сілтеме жасап.
Тасқын судан зардап шеккен ықшамаудандардың инфрақұрылымын қалпына келтіру басталды. Мәселен, қазір "Автожолшылар 2" ықшамауданында асфальт жолдарын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Сондай ақ, жоспарланған жұмыстар да қосымша атқарылуда. Мәселен, көп қабатты тұрғын үйлердің шатырларын, қасбеттерін қайта жаңғырту, тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру, балалар ойын алаңдарын жаңғырту және жаңадан салу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деді Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов.