Жаңалықтар

Жамбыл облысындағы Сарғобы орман шаруашылығында өрт шықты

Stan.kz

5 маусым сағат 02.00-дегі мәлімет бойынша, орманшылық аумағындағы өрт көлемі 1750 га жетті.

Жамбыл облысы Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне қарасты Сарыкөбі орман шаруашылығының аумағында құрғақ шөп өртенді.

Әкімдік мәліметінше, кеше сағат 16:20 шамасында Жамбыл облысының «Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі» КММ Сарықоба орманшылығындағы құрғақ шөп пен бұталар жана бастаған, бастапқыда өрттің көлемі 1650 га болған.

Бұған қоса ведомство өкілдері Меркі ауданы аумағынан шыққан өрт Т.Рысқұлов ауданына өткенін мәлімдеді.

5 маусым сағат 02.00-дегі мәлімет бойынша, орманшылық аумағындағы өрт көлемі 1750 га жетті.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, өрт сөндіруге жұмылдырылған күштерді үйлестіру үшін облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, ТЖ департаментінің басшысы А.Тоқанов, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының м.а. Н.Егембердиев оқиға орнына шықты.

Өртті сөндіруге барлығы 244 адам және 50 бірлік техника тартылғанын хабарланды, оның ішінде: жергілікті жерде орман шаруашылығы қызметкерлерінен 100 адам және 13 трактор, 2 автоцистерна, сондай-ақ 12 жеңіл автомобиль, «Қазавиаақорғау» тікұшағы және 6 қызметкері жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ, ТЖД жеке құрамының 84 адамы мен 9 бірлік техникасы жұмылдырылған.

Қосымша орман шаруашылығынан 31 адам және 6 жеңіл автокөлік және жергілікті атқарушы органдардан 26 адам 10 бірлік техникасы оқиға орнына шықты.