Спорт

Зайнутдинов «Бешикташтан» «Зенитке» ауыса ма? Агенті жауап берді

©instagram.com/bateka_11

26 жастағы Зайнутдинов былтыр тамыз айында түркиялық «Бешикташ»командасына ауысқа болатын.

Түркиялық «Бешикташ» командасы сапында ойнайтын қазақстандық футболшы Бақтияр Зайнутдиновтың агенті Евгений Новиков оның ресейлік «Зенит» клубына ауысуы туралы тараған қауесетке жауап берді, деп хабарлайды Спорт-экспресске сілтеме жасап.

«Бұл туралы әңгіме таусылар емес. Біресе «Локомотив» қызығады, біресе «Динамо» дейді. Тағы бір клубты айтады, алайда нақты ештеңе жоқ. Бақтияр Еуропаға топ-командадан кетті және қазір оның Ресейге қайта оралу туралы жоспары жоқ », — дейді Новиков.

Еске сала кетейік, 26 жастағы Зайнутдинов былтыр тамыз айында түркиялық «Бешикташ»командасына ауысқа болатын. Оның ресейлік ЦСКА командасынан ауысқандағы трансфер сомасын – 4,5 миллион еуро. Бақтияр «Бешикташ» сапында 37 кездесу өткізіп, 1 гол соқты. Оның келісімшарты 2026/27 жылдың маусымына дейін есептелген.