Жаңалықтар

Павлодар облысында 45 жастағы әйел екі айдан бері табылмай жатыр

pixabay.com

1979 жылы туған Жанар Солтан үйіне жолды ұмытқан

Павлодар облысы Май ауданы тұрғынының хабарсыз кеткеніне екі ай болған, деп хабарлайды turkystan.kz @Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Vita іздеушілер ұйымының мәліметінше, 1979 жылы туған Жанар Солтан 6 сәуірде Малайсары кентінде үйінен шығып кетіп, қайта барар жолды ұмытып кеткен.

– Бағытынан жаңылған ауыл тұрғынын іздеуге тікұшақ берілмеді. Оның жоғалып кетуіне бірнеше себеп бар. Сараптама таң қаларлық нәтиже көрсетті, сондықтан қайта тағайындалды. Оны үйінде анасы күтіп отыр, – дейді еріктілер.

 Жанар Солтанның жүрген жерін көрген адамдар болса, +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7(777) 334 82 01 (Светлана) whatsapp нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.