Олжас Бектенов ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшыларымен кездесті
Кездесу барысында жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдану қажеттілігі атап өтілді.
Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшыларымен Несвиж қаласында (Беларусь) Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдану қажеттілігі атап өтілді. AI қолдану бойынша тәжірибе алмасу экономикалық прогресс пен инновацияларды енгізудің қозғаушы күші бола алады. Олжас Бектенов жұмыстың маңызды бағыты ретінде тасымалдардың тиімділігін арттыруды атап өтті. Қазақстан жинақталған тәжірибемен бөлісуге және еуразиялық көлік дәліздерінде сенімді логистикалық хаб ретінде әрекет етуге дайын.