Саясат

Қазақстанның Беларусь пен Иорданиядағы елшілері тағайындалды

Akorda

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Беларусь Республикасы мен Иорданиядағы елшілерін тағайындады.

“Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар президент Жарлығымен Шалданбай Талғат Рахымқұлұлы Қазақстан Республикасының Иордания Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

Айта кетейік, Талғат Шалданбай бұған дейін Сауд Арабиясының Жидда қаласында Қазақстанның бас консулы болған. Әр жылдары Қазақстанның дипломатиялық корпусында жауапты қызметтер атқарған.