Қазақстандық спортшылар көркем жүзуден Әлем кубогында екінші рет жеңімпаз атанды
Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитеті мәлімдеді.
Виктор Друзин мен Анна Павлетцова жұбы Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан көркем жүзуден Әлем Кубогы кезеңінде Ұлттық құрамаға тағы бір жүлде сыйлады.
Олар еркін бағдарламада 181.5833ұпай жинап, қола жүлдегер атанды. Друзин мен Павлетцова жұбы осыған дейін Бейжіңдегі ӘК кезеңінде күміспен күптелген (еркін бағдарлама).
Аралас жұптық сындағы еліміздің тағы бір дуэті (Артур Майданов, Валерия Столбунова) 4-сатыдан көрінді. Ұпай саны - 153.1355.
Мұнда алтын Испания (200.3854балл), күміс Италияның (192.9375) еншісінде кетті.
Айта кетейік, Қазақстан командасы Канададағы Әлем Кубогының 3-кезеңінде жалпы есепте 1-орын алды. Спортшыларымыз барлығы 2 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдеге қол жеткізді. Турнирде 16 елдің 88 спортшысы сынға түсті.