Жаңалықтар

Алматыда жүрген 3 Африка азаматы мәжбүрлі түрде елден шығарылды

Алматы қаласы ПД

Алматыда заңсыз жүрген Африка азаматтары депортацияланды.

«Заңсыз» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Алматының көші-қон қызметі Африка құрлығының 3 азаматын мәжбүрлі түрде елден шығарып, Отанына қайтарған.

«Бұл шетелдіктер Қазақстанда болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған. Атап айтқанда, олар заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот шешімімен мемлекетімізден шығару түріндегі әкімшілік жазаға тартылды», - деді Алматы қаласы Полиция департаментінің Көші-қон қызметі басқарма бастығының орынбасары, полиция полковнигі Геннадий Мен.