Сот кезінде өзіне қол салмақ болған атыраулыққа қылмыстық іс қозғалды

2 маусым, 2024 / Ақмарал Берекет
Sputnik / Ксения Воронина
Сотталушыға медициналық көмек көрсетіліп, кейін тергеу изоляторына қамалды

Атыраулық жігіт сот ғимаратында өзіне пышақ салған. Сотталушыға медициналық көмек көрсетіліп, кейін тергеу изоляторына қамалды, деп жазады turkystan.kz nege.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Атырау облыстық сотының ғимаратында 31 мамыр күні сағат 12:30 шамасында болған. Бұл деректі Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Сотталушы өз-өзіне қол жұмсауға оқталды. Осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотталушыға медициналық көмек көрсетілді. Содан соң тергеу изоляторына оқшауландырылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Тэгтер:

Атырау Сот қылмыстық іс