Спорт

Балауса Мұздыман қарсыласын 43 секундта нокаутпен жеңді

Видеодан алынған кадр

Жекпе-жек сегіз раундқа созылады деп күтілді

Кәсіпқой бокста аса жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман үндістандық қарсыласы Моника Сингхті бірінші раундта нокаутпен жеңді, деп жазады turkystan.kz.

Жекпе-жек сегіз раундқа созылады деп күтілді, бірақ ол алғашқы 3 минутта аяқталды. Жекпе-жек басталғаннан 43 секундтан кейін Балауса қарсыласына бауырдан соққы беріп, нәтижесінде қарсыласы жекпе-жекті жалғастыра алмады.