Спорт

Олимпиадаға іріктеу турнирі: бүгін қазақстандық үш боксшы рингке шығады

Қазақстан бокс федерациясы

Қазір Қазақстан құрамасы қоржынында Париж Олимпиадасына ерлерде 6, әйелдерде 1 жолдама бар

Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінде бүгін, 2 маусымда қазақстандық үш боксшы сайысқа түседі, деп жазады turkystan.kz kazinform-ға сілтеме жасап.

Ел құрамасынан ¼ финалда Валентина Хальзова (75 келі) сағат 12:00–де колумбиялық Ширлейдиз Орозкомен кездеседі.

Ал Назым Қызайбай (50 келі) ¼ финалда 16:30-да Солтүстік Корея боксшысы Канг Су Хуангпен қолғап түйістірсе, бесінші жолдама үшін Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) 17:30-да молдовалық Александру Парасчивпен шаршы алаңға шығады.

Таиландтағы іріктеу турнирінде Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Римма Волосенко (60 келі) мен Наталья Богданова (66 келі) жарыс жолын аяқтады.

Қазір Қазақстан құрамасы қоржынында Париж Олимпиадасына ерлерде 6, әйелдерде 1 жолдама бар.