Жаһан

Үндістанда аптап ыстықтан 50-ден астам адам көз жұмды

Ашық дереккөз

Үндістанның кейбір аймақтарында мектептерде сабақ тоқтатылды

Үндістанда қатты ыстықтан ондаған адам қайтыс болды, деп жазады turkystan.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Биылғы жаздың аптап ыстығы елге әдеттегіден ертерек келді. Ауа температурасы 50 градустан асады. Солтүстік және шығыс аймақтарда ыстық рекорд деңгейіне жетті.

Ауа-райының ең төзгісіз жағдайлары Нью-Дели астанасында тіркелді, онда температура 52,9 градусқа жетті. Синоптиктер бұл деректер дәл болмауы мүмкін деп санайды, өйткені жергілікті метеостанциядағы сенсорлард ақау болуы мүмкін.

Қатты ыстық Үндістан бойынша 50-ден астам адамның өліміне әкелді, олардың көпшілігі ыстық соғып қайтыс болды. Шығыс Бихар және Одиша Штаттарында кем дегенде 29 адам кқз жұмды.

Би-Би-Си жазғандай, Үндістанның кейбір аймақтарында мектептерде сабақ тоқтатылды. Қатты ыстық елді су дағдарысына да апарып соққан.